Подкастинг негіздері

Елдар Құдайбергенов
Подкастинг
Free
This content is protected, please and enroll course to view this content!

2 thoughts on “Соңғы маңызды сөз

  1. 1. Осы онлайн-курс сізге несімен ұнады? Оның басқа курстармен салыстырғандағы артықшылығы қандай?
    Бұл менің подкаст туралы қатысқан алғашқы курсым. Қаншама жылдан бері тек ойша подкаст жасап жүргенімде, осы курсты әлеуметтік желіде кездестіріп қалып “бұл знак” деп, бастап кеттім. Бастағаныммен, аяқтау, соңына дейін жеткізу, расымен қиынға соқты 🙂 Курстағы сабақтар қиындығы емес, ол өзіміздегі мәселе)
    Жалпы, курс өте қатты ұнады. Мен сияқты “шәйнектерге”, яғни подскастты енді бастаған/бастайтындарға барлығы соқырға таяқ ұстатқандай егжей-тегжейлі түсіндірген. Әр сабақтағы нұсқаулықты мұқият тыңдап отырып, соларды орындасаң, профи болып шығуға әбден болады екен.

    2. Бұл онлайн-курстан қандай кемшілік (тер) байқадыңыз? Сіздің ойыңызша оларды қалай жақсартуға болады?
    Бір ескеретіні, “подкаст маркетингі” және “подкастингтегі ақша” атты сабақтарды әлі де жетілдіру керек сияқты.

    3. Осы онлайн-курста алған білім, тәжірибе сіздің кәсіби біліктілігіңізге қалай әсер етті? Алған білімді қалай қолданбақсыз? Курс барысында қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
    Тек тәжірибеме емес, жалпы өзіме күшті әсер етті 🙂 Алған білімімді подскаст жасауға қолданамын. Басында бір саланң фанаты екенімді айтқан болатынмын. Подкастты подкаст сервистерінен бөлек, өзімнің жеке фан сайтыма орналастырып, болашақта басқа бағытта да байқап көргім келеді.
    Қандай жетістікке қол жеткіздім? Подкаст көптен ойлап жүрген сайтты ашуыма мұрындық болды. Одан бөлек, посдкастингті түсіндім. Ең бастысы, өзімнің кейәріптерді дұрыс айтпайтынымды білдім (осы жасқа дейін мән бермегенмін), сондай-ақ, ойлаған нәрсені соңына дейін жасасаң қолыңнан келетінін көрсетті. Себебі, ұзақ уақыт посдкаст деген алынбайтын қамалдай көрінген)
    Сабақтар үшін көп рахмет! Сәттілік! Дами беріңіздер!

  2. 1.Онлайн-курста подкастинг бойынша барлық материалдар осында жинақталуымен
    2.уақыты сәл азырақ секілді. Мүмкін болса аудаситидің қайсысын жүктеу керек екені көрсетілсе, себебі кейбір нұсқалары ыңғайсыз әрі функциясы аз
    3.Курс барысында материалдармен жұмыс істеу, өңдеу телефонмен жұмыс істеу қағидалары ұнады. Енді өзімнің жеке подкастымда бәрін қолдануға тырысамын

Пікір үстеу